ШҚО ғалымдары арзан тіс протездерін әзірлеу тәсілін тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің  ғалымдары Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбекке облыстың ірі өнеркәсіптік компанияларымен бірлесіп, іске асырылатын ғылыми әзірлеме ұсынды, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.

Министрдің ШҚО-ға жұмыс сапары аясында университетте ғылыми және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелері бойынша мәжіліс өтті. ЖОО мамандары инновациялық технологияны таныстырды. Ол тау-кен байыту өндірісінде, металлургия, мұнай-газ саласы, медицинада қолданылады.

Атап айтқанда, ағзаға сапалы, сенімді диагностика жүргізетін  магнитті резонансты томограф үшін «өткізгіш сым» шығаруға болады. Тантал мен ниобия қорытпаларынан жоғары технологиялық, берік, бастысы арзан отандық импланттар жасалады.  Денсаулық министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанның импорттық өнімдерін пайдалана отырып, жылына буындарды ауыстыруға 4 млрд. теңге жұмсалады. Тантал мен титан арматурасынан жасалған тіс протездері, буындар мен омыртқааралық дискілер екі есе арзан болады.

Соңғы жаңалықтар