ШҚО-ға кешіккен 7 пойыз жолаушылары тағайындау пункттеріне жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүк вагондарының рельстен шығып кетуі салдарынан мына жолаушылар пойызы бөгелуде: «Қызылорда-Семей», «Алматы-Новосібір», «Алматы-1-Павлодар», «Астана-Защита», «Новосібір-Алматы-2», «Семей-Қарағанды», «Семей-Қызылорда». Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

 «Астана-Защита» пойызы Семей стансасында. 90 жолаушы автобуспен тағайындау пунктіне жеткізілді. «Защита» стансасынан одан әрі Астанаға бару үшін Семейге 125 жолаушыны жеткізуге бірнеше автобус келді.  Семей стансасынан пойыз кестеге сәйкес сағат 24.00-де шығады. «Қызылорда-Семей» пойызының жолаушылары үш автобуспен Семейдегі Шар стансасына жеткізілді.

Одан әрі Қызылордаға шығу үшін Шар стансасына жолаушылармен 4 автобус жөнелтілді. Шар және Семей стансаларында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы жолаушыларды тамақтандырды. Тағайындау пунктіне жеткен жолаушылар «Темір жол көлігі туралы» заңға, «ҚР темір жол көлігімен жолаушылар, жүк, тасымалдау қағидаларына» сәйкес өтемақы ала алады.      

Соңғы жаңалықтар