Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 330.00
EUR 390.72
RUB 5.65
CNY 50.13

ШҚО-дан Қытайға қанша бал экспортталмақ

 ШҚО-дан Қытайға қанша бал экспортталмақ
2017 жылғы 17 қыркүйек 11:45 1372

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл осымен елордада екінші рет жәрмеңке өткізіп жатырмыз. Бірінші жәрмеңкеде 340 тонна өнім әкелгенбіз, ал осы жолы 200 млн теңге сомасындағы  350 тоннаға жуық түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткіздік. Жалпы жәрмеңкеде саудаға шығарылған өнім құны Астанадағы базар бағасынан 20-25 пайызға төмен. Бүгін тауарлардың сатылымына көңіліміз толып отыр, сенбіден бастап қала тұрғындары көптеп келіп жатыр», - деді ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік қауіпсіздігі, тамақ және қайта өндеу өнеркәсібі бөлімінің басшысы Талғат Қаймолдинов.

ШҚО-дан Қытайға қанша бал экспортталмақ

Оның сөзіне қарағанда, ШҚО-да бал өнімдерінің үлесі басымырақ болғандықтан, омарта шаруашылық өкілдері үлкен жәрмеңкелерге баруға ерекше ниет танытып отыр.

ШҚО-дан Қытайға қанша бал экспортталмақ



ШҚО-дан Қытайға қанша бал экспортталмақ
Бұдан бөлек, ол бал өнімдерін шетелдеге экспорттау жайында айтып берді. Өткен жылы Қытайға 94 тонна бал өткізілген болса, биыл күзде 1 мың тонна өнімді шығаруға келісім жасалған.

ШҚО-дан Қытайға қанша бал экспортталмақ

«Негізі біздің өңірдің экспорттық әлеуеті 2-2,5  мың тоннаға жетеді. Облыста 4 мың тонна бал өнімдері шығарылса, ішкі тұтыну көлемі 1,5 тонна деңгейінде. Сондықтан жаңа жылға дейін аталған 1 мың тоннаны экспорттап жібереміз», - деді Т. Қаймолдинов.

ШҚО-дан Қытайға қанша бал экспортталмақ

16-17 қыркүйек аралығында өтіп жатқан жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан облысынан жылқы еті, бал, қымыз, күнбағыс майы, сүт және шұжық өнімдері, балық пен көкөніс жеткізілді. Жалпы өңір аудандары 100-ден астам сауда орындарын жасақтады. ШҚО омарта шаруашылықтары бұл жәрмеңкеге 35 тонна бал алып келді.


ШҚО-дан Қытайға қанша бал экспортталмақ

 

Басты сөздер: Шығыс Қазақстан облысы, Астана, Ауыл шаруашылығы, Қытай, Азық-түлік,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер