ШҚО-дан Алматыдағы жәрмеңкеге 40 тонна бал әкелінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Ғылым ордасы» ғимараты алдындағы алаңда Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілері облыстың Алматыдағы мәдени күндері аясында бал жәрмеңкесін ашты.

Бүгін аталған жәрмеңкеге ШҚО әкімі Даниял Ахметов пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек келеді деп жоспарланып отыр.

Шығысқазақстандықтар оңтүстік астанаға 40 тоннадан астам бал және 27 түрлі панта өнімін әкелген.

Өз өнімдерін Өскемен қаласы мен ШҚО-ның 9 ауданы: Зырян, Глубокое, Қатон-Қарағай, Ұлан, Үржар Аягөз, Шемонаиха, Көкпекті және Тарбағатайдан келген шаруа қожалықтары ұсынып отыр.

Жәрмеңкеде балдың бағасы 1000-1500 теңге аралығында сатылып жатыр.

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар