ШҚО-да жол апатына кінәлі жүргізушіні сол жерде қалған бөлшектер арқылы тапқан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейде полиция бір ай бұрын Шығыс Қазақстан облысының кентінде жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан  жүргізушіні анықтады,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияда нақтылағандай, жол-көлік апаты болған жерде қалып кеткен машинаның сынған бөлшектерінің көмегімен автомобильдің маркасы қызыл түсті Toyota екені анықталған. Соның көмегімен жүргізушіні тапқан.

«Toyota Hilux» автокөлігін жүргізген 24 жастағы жігіт ер адамды қағып кеткен. Соның салдарынан 34 жастағы ер адам жол-көлік апаты орнында қаза тапты. Қазір 19 қараша күні түнгі сағат 2:50-де болған жол апатының мән-жайы анықталып жатыр», - деп атап өтті полицияда.

Қазір ҚР ҚК 345, 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар