ШҚО-да Ырғызбай ата кесенесін абаттандыруға 50 млн теңге бөлінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов және «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Тарбағатай ауданындағы шығыстың киелі орны Ырғызбай ата кесенесіне барып, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

null

Ел аузындағы аңызға қарағанда, Ырғызбай киелі мекенінде болған әр адам бүкіл ауру-сырқатынан құлан таза айығады. Бұл жерге әртүрлі елден адамдар сыйыну және тазару үшін келеді. Олардың көпшілігі киелі орын аумағын көркейтуге өзінің қайырымдылық үлесін қосып кетеді. Туристердің қаржысына кесене жаңа келбет алып, жанынан 2 мыңнан астам сирек кездесетін және көне кітаптар жинақталған кітапхана, шағын мешіт, қонақүй, сондай-ақ құнды экспонаттар жинақталған мұражай бой көтерді. Қасиетті орынның қараушысы Болат Тағабайдың сөзіне қарағанда, ол көп жылдардан бері жиналып қалған артефактілерді мемлекет меншігіне өткізеді.

null

­«Облыстық бюджеттен қаржы бөлінді, жақын күндері барлық жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет, ал мұражай кешені жетілдірілетін болады», - деді Даниал Ахметов.

null

Қазіргі уақытта киелі орынның аумағы көркейтілуде. Қазан айының аяғына қарай фонтан салу, айналасын қоршау және электр желісін өткізу жоспарлануда.

null

Айта кетейік, Ырғызбай ата кесенесі Шығыс Қазақстанның киелі орындарының тізіміне кіреді және «Рухани жаңғыру» аймақтық бағдарламасына енген.

nullnull

Соңғы жаңалықтар