ШҚО-да үстеріне сылақ құлаған оқушылар ауруханадан шығарылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шемонайха ауданының Усть-Таловка ауылындағы мектепте төбенің сылағы құлап зардап шеккен оқушылар жұма күні ауруханадан шығарылатын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мен балалардың жағдайы жақсарғанын толық сеніммен айта аламын. Олар апта бойы емделді. Қажетті УДЗ-түсірілімдері жасалды, оларды облыстық нейрохирургтер, травматологтар және басқа да мамандар қарады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне аудан әкімінің орынбасары Вика Лисина.

Айта кетейік, 17 қараша күні түстен кейінгі үзіліс кезінде Усть-Таловка ауылындағы орта мектепте төбенің сылағы құлаған. Сол кезде сынып ішінде 3 «Б» оқушылары ойнап жүрген. Қалыңдығы 10 см сылақ тиген үш балаға бас-сүйек жарақаты деген диагноз қойылып аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Әкім орынбасарының айтуынша, облыс орталығынан келген нейрохирург пен травмотолог түсірілген рентгеннге қарай отырып және мұқият тексеруден кейін аудандық дәрігерлердің бастапқы диагнозын жоққа шығарған.

Бастауыш сынып оқушылары білім алып жатқан мектеп  - 1961 жылы салынған мектептің ескі ғимараты. 1982 жылы жаңа мектеп салынған кезде ескі ғимарат жаңа мектеппен дәлізімен арқылы қосылған. Төтенше жағдайдан кейін сабақтар мектептің негізгі бөлігіне ауыстырылды.

Өңірлік полициясы бұл деректі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, ҚР ҚК-нің 141-бабы 1-бөлігімен (Балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісті деңгейде орындамау) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 

Соңғы жаңалықтар