ШҚО-да ұсталған адамға электрошокер қолданған полицейге қатысты үкім өзгеріссіз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық сотында ұсталған адамға электрошокер қолданып соққыға жыққаны үшін айыпталған Катонқарағай АІІБ-нің полиция инспекторына қатысты сот үкімі күшінде қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Катонқарағай аудандық соты бұның алдында ұсталған адамға күш қолданып, билікті асыра пайдаланғаны үшін полиция қызметкерін 5 жыл мерзімге соттаған болатын. Сот процесі барысында анықталғандай, учаскелік полиция инспекторы А. Үлкен Нарын ауылындағы полиция бөлімшесіне мас күйінде жеткізген азамат Б.-ны ешбір себепсіз соққыға жыққан. Ары қарай, элекрошокердің көмегімен жәбірленушінің денесіне қасақана дене жарақатын салған. Тоқтың әсерінен Б.-ның денесінде күйіктер пайда болған. Осыдан кейін, учаскелік полиция инспекторы ер адамды ауыл сыртына апарып тастап кеткен.

«Тіркелген оқиға жайындағы іс құжаттар ШҚО прокуратурасына түсті. Бұдан кейін тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет айналысты. Мемлекеттік айыптаушы сот процесі барысында сотталушыны кінәлі деп тануды сұрады. Сот үкімімен полиция қызметкері өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылып, 5 жылға түрмеге тоғытылды», - деп хабарлайды ШҚО прокуратурасынан.  

Соңғы жаңалықтар