ШҚО-да трактор аударылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында Т-40 тракторы аударылып, оның жүргізушісі 19 жастағы жігіт зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқыс оқиға кеше, яғни 10 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында Зырян ауданының Тұрғысын ауылында тіркелген.

«Шөп шабу науқаны кезінде 1998 жылғы азамат көлік тізгінінен ие бола алмай, Т-40 тракторымен аударылып қалған. Зардап шегуші көптеген жарақаттарымен Орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлайды ведомстводан.

Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталу үстінде. 

Соңғы жаңалықтар