ШҚО-да төтенше жағдай қызметтері тәуліктік режімде жұмыс істеуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің жанындағы дағдарыс орталығы тәуліктік режімде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, су жайылған орындарда тұрақты мониторинг жүргізілуде.

«Табиғаттың тосын мінезі салдарынан 40 жер үй, 138 аула, 110 саяжай ғимараты су құрсауында қалды», - делінген департамент ақпаратында.

Аягөздің тасқыннан зардап шеккен тұрғындары білім ошақтарына орналастырылса, өскемендіктер үшін «Үлбі»  халыққа қызмет көрсету орталығы дайын тұр.

Ал Ұлан және Күршім аудандарында су алған жолдарда қозғалыс қалпына келтірілді. Ұлан ауданының Мамай батыр ауылында көпірге сыймаған су ауылға жайылмас үшін жолды жыруға тура келген. Қазір мұнда су деңгейін түскен. Ал тұрғындар қосымша жолмен қатынауда.  Осы ауданның Асубұлақ ауылында 10 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды.

Облыс бойынша 3724 текше метр су сорылып, 815 құмқап төселген. Апат құрбандары жоқ.

Соңғы жаңалықтар