ШҚО-да тек шетелден келетін шыршаларды сатуға рұқсат берілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да тек шеттен келген шыршаларды сатуға рұқсат беріліп отыр. Ал, Алтайдан немесе еліміздің басқа жерлерінен шырша кесуге және сатуға түбегейлі сатуға тиым салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.    

Басқарма мамандарының айтуынша, ШҚО-да өскен шыршаны сатуға тиым салынған, сонымен бірге шыршаның бүрін де саудалауға болмайды.

«Үйлерін жаңа жылда тірі шыршамен безендіргісі келетіндер тек көрші мемлекеттерден келген қылқан жапырақты ағаштарды сатып ала алады. Оның сатып отырған кәсіпкердің қолында талапқа сай құжаты болуы керек»,-дейді  ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әлішер Сатыбалдиев.

  Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да 1 желтоқсаннан бастап орманды жерлерге апаратын жолдардың барлығына бақылау-өткізу пункттері қойылған. Алайда биылғы жылы олардың саны бесеу-ақ. 2016 жылы аталған пункттерінің саны 24 болатын. Шырша кесушілерді жедел топтар да бақылайды. Тәртіп бұзушыларға ірі көлемде айыппұл қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар