ШҚО-да тасыған өзеннің арғы бетінде қалған адамдар құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Глубокое ауданының Сержиха өзенінен өте алмаған 7 адам 3 күн бойы омартада түнеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзен суы көтеріліп, кері қайта алмай қалған топты туыстары іздестірген. Бұл аумақта ұялы байланыс болмағандықтан, жеті адам көмек сұрай алмаған. Оқиға орнына жоғалған адамдардың  туысқандарының нұсқауымен ТРЭКОЛ техникасы арқылы жеткен құтқарушылар  өзеннің арғы бетінен 7 адамды тауып алды.  Үш күн бойы олар омартаны паналап, қалған азықтарын үнемдеп пайдаланған.

Шығыс өңірлік аэроұтқыр апаттық құтқару жасағының мамандары өзеннің келесі бетіне арқан арқылы өтіп,  зардап шегушілерді Тарханка ауылына дейін жеткізіп салды. Тасыған өзен тұтқынында қалған адамдардың ешбіріне медициналық жәрдем қажет болмады.

«Құтқарушылардың ескертуіне қарамастан, адамдар үйден алыстап шығуын қояр емес.  Қала тұрғындары да төтенше жағдайларға қарамастан, шеткері шығу құмар» - дейді құтқарушылар. 

Соңғы жаңалықтар