ШҚО-да тасқынның екінші толқыны басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданында ондаған аулаға су кіріп, адамдар қауіпсіз орынға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құтқарушылар негізгі күшті облыс орталығына бағыттап отыр. Өйткені, Өскеменде кешеден бері қар суы елдің мазасын алуда. Әуелі Шмелев лог елді мекенінен аққан су Красин кентіне жайылып, аулаларға қауіп төндірген болатын. Төтенше жағдай мамандары жол жиегіне құмқап төсеп, аулаларға кірген судың жолын бөгеген болатын. Ал бүгін Ахмер ауылының Игілік көшесінде бірнеше үйдің ауласына кірген қар суы тұрғындардың сыртпен байланысын қиындатты. Тұрғындардың кейбірін құтқарушылар үйіне арнайы техникамен жеткізген. Қаланың өзге аудандарында да осыған ұқсас жағдай байқалуда. Сібір, Малдыбаев және Ярославская көшелеріне жайылған суды сорғытуға ондаған техника жұмылдырылды. Шығыс өңірлік аэроұтқыр апаттық құтқару жасағының мамандары  Сібір көшесінен 2 адамды «Үлбі» әлеуметтік орталығына жеткізген.
null   

Семейде де 9 көшені су алып, оның 8-інде қазір жағдай тұрақтанды. Ал Бегалин және Дәстенов көшелерінің қиылысында қарғын судың беті қайтпай тұр. Глубокое ауданында 5 үйге су кірген. Қазір аталмыш үй тұрғындары туыстарының үйін паналауда.

null«Облыс бойынша барлық елді мекен тұрғындарына ескерту парақшалары таратылып, қауіпсіздік ережелері түсіндірілуде. Бұл шаралар 13 мың адамды қамтыды. Өз ауласын уақытында қардан тазартып, арық көздерін аршымаған тұрғындарға шара қолдана бастадық. Полиция қызметкерлері 23 адамға ауласын дер кезінде тазаламағаны үшін айыппұл толтырды», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

null«Қазгидромет» облыс аумағында күн райының жылына түсетіндігін болжап отыр. Сондықтан, төтенше жағдай мамандары тұрғындарды мейлінше сақ болып, үйлерін қараусыз қалдырмауға шақырды. Қарғын судан зардап шеккендер үшін дағдарыс орталығының жанынан «112» және 138» телефон желілері жұмыс істеп тұр.

null null 

Соңғы жаңалықтар