ШҚО-да Рухани жаңғыруға арналған жиын өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 7 қыркүйекте Өскемен қаласында Рухани жаңғыру бағдарламасын талқылау жөніндегі сарапшылық кездесулер сериясынан ІІ-ші өңірлік дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Нелли Краснобаева бағдарламаның облыста іске асырылу барысы туралы айтып, бірқатар деректерді келтіре кетті.

- «Облыста Қазақстанның киелі орындарының республикалық картасы үшін 8 объект іріктеп алынды. Оның ішінде қазақстандықтарға кеңінен белгілі Шілікті обалары, тас ғасыры ғибадатханаларының «Ақ бауыр» кешені, «Ырғызбай әулие» кесенесі және басқалар бар. Облыстың 600-ден астам оқушысы биылғы жылдың соңына дейін осы орындарға барып көруге мүмкіндік алады».

Н. Краснобаева Қазақстандағы жаңа есімдер тізіміне Шығыс Қазақстан облысының 130 өкілі іріктеп алынғанын да атап өтті, олар биылғы жылдың қазан айында жалпыреспубликалық дауыс беруге ұсынылмақ.

ШҚО Білім беру басқармасы «Білім берудегі жаңа технологиялардың Шығыс Қазақстандық ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Әсел Оспанова өз сөзінде облыста «Туған жерге - тағзым» акциясы шеңберінде TYLEK.KZ ақпараттық порталы жұмыс істеп жатқанын, онда Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 8 мыңнан астам түлегі тіркелгенін атап өтті.  

- «Сайттың басты міндеті - өзінің тікелей мектебіне, кіші отанына материалдық және материалдық емес түрде демеушілік көмек көрсету. Біз сайттың көмегімен мектептің, колледждің мұқтажына оның бұрынғы түлектерінің назарын аударамыз» - деп атап өтті Ә. Оспанова.

А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы директорының орынбасары Бибігүл Шағиева Шығыс Қазақстан облысында мәдениет және ағарту саласындағы жобалардың көпшілігі іске асырылып жатқанын атап көрсетті. Спикердің айтуынша, соңғы кезде азаматтардың діни сауаттылығын арттыру және оларды әдеби жағынан байыту жөнінде көп жобалар пайда болған.

Еуразиялық интеграция институтының (ұйымдастырушы) директоры Ғани Нығыметов өз сөзінде Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру процесіне бүкіл ел қатыстырылып отырғанын атап өтті. Бұл ретте әрбір өңір өзінің меншікті - ерекше тәсілін қолданып отыр.

- «Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстанның өңірлері арасында тәжірибе алмасу пайдалы болуы мүмкін. Оны Рухани жаңғыру бағдарламасын ғылыми-сарапшылық талқылау мен жобалау сатысында да, Бағдарлама мен оның жекелеген жобаларын тікелей іске асыру сатысында да жүргізген жөн» - деді Ғ. Нығыметов.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, оған қатысушылар Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру процесін жетілдіру жөніндегі бірлескен ұсынымдарды әзірлеу үшін осындай форматтағы кездесулердің құнды екенін тілге тиек ете отырып, осы сұхбат алаңын ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына облыстың ғылыми-сарапшылық қоғамдастығының, азаматтық секторы мен жергілікті атқарушы органдарының 40-тан астам өкілі қатысты.

Соңғы жаңалықтар