ШҚО-да пара алған әкімге 2 млн теңге айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарма ауданында 40 мың теңге көлеміне пара алған Қалбатау ауылдық округінің әкіміне үкім шығарылды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Аудандық сот таратқан мәліметке сүйенсек, шенеунік сауда орнын бергені үшін ақы алған. Істің жай-жапсары толық айтылған жоқ. Сот айыпкердің мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салды және алынған параның 50 есе ұлғайтылған көлемінде (екі миллион теңге) айыппұл салды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар