ШҚО-да өз нәрестесін өлтірді деген күдікті әйел ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Шемонаиха ауданында нәрестенің өлі денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің ақпаратына сүйеніп.

Шемонаиха аудандық ІІБ-нің «102» нөміріне ауылдың шетінен нәрестенің мүрдесі табылғаны туралы дабыл түскен болатын. Сақшылар жедел әрекет етіп, баланың анасы 35 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтаған.

«Әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша нәрестені өлтірді деген айыппен соталды тергеу басталды.  Істің анық-қанығын нақтылау үшін тиісті сараптама тағайындалды» -делінген департаменттің мәліметінде. 

Соңғы жаңалықтар