ШҚО-да Өскемен - Самар жолының бойында жасанды қар көшкіні түсірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Өскемен - Самар» автожолының бойында жасанды қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды «Қазселденқорғау» ММ.

1) Сағат 13:35-те «Өскемен - Самар»  автожолының 134 км+600 аралығында 65 кг жарылғыш зат салынған бірінші жарылыс өткізілді. Көлемі 1 300 текше метр қар көшкіні түсіп, жолды жартылай жауып қалды.

2) Сағат 14:00-де   «Өскемен - Самар»  автожолының 133 км+750 аралығында екінші жарылыс өткізілді. Көлемі 2 500 текше метр қар көшкіні түсіп, жолды толығымен  жауып қалды.

3) Сағат 14:25-те   «Өскемен - Самар»  автожолының 101км аралығында  95 кг ЖЗ (жарылғыш зат) салынған үшінші жарылыс өткізілді. Көлемі 3 000 текше метр қар көшкіні түсіп, жолды толығымен  жауып қалды.

4) Сағат 15:40-та  «Өскемен - Самар»  автожолының 100км+500 м аралығында 65 кг ЖЗ салынған екінші жарылыс өткізілді. Көлемі 9 000 текше метр  қар көшкіні түсіп, жолды толығымен  жауып қалды.

5) Сағат 16:20-да  «Өскемен - Самар»  автожолының 100 шақырымында 65 кг ЖЗ салынған бесінші жарылыс өткізілді. Көлемі 1000 текше метр қар көшкіні түсіп, жолды жартылай жауып қалды.

Сағат 16:40-де жол жүруі қамтамасыз етілді.

Соңғы жаңалықтар