ШҚО-да мүгедек балалардың мәселелері шешілмей жатыр - прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО прокуратурасы ауқымды талдау жұмыстарын жүргізіп, өңірде мүгедек балалардың мәселелері қордаланып қалғанын анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аталған өңірде қазіргі уақытта 15 208 кемтар бала бар. Соңғы 3 жылда арнайы қажеттілігі басым кәмелеттік жасқа толмағандардың саны 34 процентке өскен. Атап айтқанда, психикалық дамуының ауытқушылығы бар балалар көбейіп (1 762 немесе 35 процент) отыр. Қадағалау ведомствосы анықтағандай, ешбір уәкілетті орган - мүгедек балалар санының өсуі туралы талдау жасамаған.

«Барлық балалардың ішінен, аумақта түзетуді қажет ететін 5 мыңнам астам балаға инклюзивті білім беру шарасы ұсынылмаған. Олар мектептерге барғанымен, білім мекемелерінде олардың ауруларын ескеретін ешқандай жағдай жасалмаған. ШҚО-ның 3 ауданында мүгедек балалардың оқуына бірде-бір мектепте жағдай жоқ. Нәтижесінде, бұл аудандарда арнайы көмексіз 600-ге жуық бала оқып жатыр», - деп хабарлайды құзырлы ведомстводан.

Құзырлы орган бұған қоса бір ауданның жауапты мамандары өз өңірлерінде арнайы мұқтаж балалар тұрмайды деп есеп берген. Алайда прокурорлар тексере келе шын мәнісінде ол ауданда осындай 53 бала тұратындығын анықтаған.

Соңғы жаңалықтар