ШҚО-да медбике өзінің әріптесін тонап кеткен

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Отбасылық дәрігерлік амбулаторияның медбикесі әріптесінің кілтінен көшірме жасап, оның алтын бұйымдарын үптеп кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сот мәліметтеріне сүйенсек, Г есімді азаматша әріптесі далаға шығып кеткен уақытта оның кілтінің көшірмесін жасап үлгерген. Келесі күні қызметтесінің үйіне еркін кірген медбике пәтердегі алтын-күміс бұйымның бәрін ұрлаған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі - 1 551 500 теңге.

Қылмыстық іс ҚР ҚК 188 бабы 3 бөлігі бойынша қаралды. Соттың бірнші отырысында қылмысын мойындаған медбикенің жазасы жеңілдетіліп, кішкентай бала тәрбиелеп отыруына байланысты 3 жылға шартты түрде сотталды. 

Соңғы жаңалықтар