ШҚО-да құйынды дауыл ғимараттар шатырларын көкке ұшырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Самар ауылында құйынды дауыл ғимараттардың шатырларын жұлып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екпіні 32 м/с-қа жеткен желдің салдарынан «Көкпекті ауданаралық ауруханасы» қазыналық мемлекеттік коммуналдық мекемесінің үш қабатты ғимаратының 600 шаршы метр аумағы бүлінді (жалпы аумағы 1500 шаршы метр). Зардап шеккендер жоқ.

Онымен қоса, екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры (60 шаршы метр аумақта) көкке ұшты (жалпы аумағы 220 шаршы метр). Зардап шеккендер жоқ. 

Соңғы жаңалықтар