Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

ШҚО-да Құнанбайдың ескерткіші ашылды

ШҚО-да Құнанбайдың ескерткіші ашылды
2017 жылғы 16 қыркүйек 09:18 751

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО Абай ауданының Қарауыл ауылында Құнанбай қажының ескерткіші ашылды. Балқаштың мысынан құйылған туындының салмағы 12 тонна, биіктігі тұғырымен қоса алғанда 7 метр, деп жазады altaynews.kz.

ШҚО Абай ауданының Қарауыл ауылында дала данышпаны, ұлы Абайдың əкесі Құнанбай Өскенбайұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

Ескерткіш авторы - семейлік мүсінші Нұрбол Қалиев. Балқаштың мысынан құйылған туындының салмағы 12 тонна, биіктігі тұғырымен қоса алғанда 7 метр.

Құнанбай қажыға арналған ескерткіш орнату үшін арнайы қор құрылған болатын.Аталмыш қорға абайлықтар шама-шарқы жеткенше қаржылай қолдау көрсетті.

Ескерткішін орнату туралы идеяны алғаш болып кәсіпкер, аудан мәслихатының депутаты Ардақ Сағадиұлы ұсынған.

«Мен ескерткіш орнату туралы идеяны көтергеніммен, шешімді халықтың өзі қабылдады. Бұл халықтың таңдауы мен қолдауы, көкейде жүрген ойы болатын. Ескерткішті орнатуға да ауданымыздың іскер азаматтары мен аудан халқы атсалысты», - дейді «Құнанбай қажы» қорының директоры Ардақ Сағадиұлы.

 

 

Басты сөздер: Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан тарихы, Туған жер,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер