ШҚО-да құлаған қарағайдың астында қалған ер адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақсан облысының Зырян ауданы Быков ауылынан 10 шақырым жерде ағаш дайындап жүрген ер адамды қарағай басып қалған. Ауыр жарақат алған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқыс оқиға 13 қаңтар күні тіркелген.

«Зырян ауданының Быков ауылынан 10 шақырымдай жерде ер адам қарағай дайындап жүрген. Сол кезде оның үстіне кесілген қарағай құлап кеткен. Жарақат алған адам Быков ауылындағы дәрігерлік пунктке жеткізілген. Алайда зардап шеккен 1962 жылғы адам көз жұмды. Ол Быков ауылының тұрғыны болған», - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінің бастығы Бақытжан Торғаев.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бабы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқыс оқиғаның барлық мән-жайы тергеу кезінде анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар