ШҚО-да қос басқармаға жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында екі бірдей басқармаға жаңа басшы тағайындалды. Сондай-ақ, облыстық әкімдікке жаңадан тағайындалған баспасөз хатшысы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне бұған дейін ветеринария басқармасының басшысы болған Асқар Шәкенұлы Жақыпбаев тағайындалды.
Жакупбаев А.

Асқар Жақыпбаев 1963 жылы 22 қазанда Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол 1986 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Аягөз ауданының Мыңбұлақ совхозында құрылыс саласының жұмысшысы ретінде бастаған. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң ауылға мал дәрігері болып оралады. Сонымен қатар ол совхоздың бас мал дәрігері, Аягөз ауданының бас мал дәрігерінің орынбасары, бұрынғы Семей облысы ауыл шаруашылығы департаментінің бас маманы қызметтерін атқарды. Одан кейінгі жылдары «Шығыс Қазақстан облысы мал дәрігерлік зертханасы» РМК басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасында бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспектор болып істеді.

2002 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ал 2006 жылдан Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешені Мемлекеттік инспекция Комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, кейін АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция Комитетінің төрағасы болып қызмет етті. 2011 жылдың қыркүйек айынан 2016 жылдың қарашасына дейін АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция Комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясын басқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін облыстық ветеринария басқармасының басшысы болып еңбек етті.

Сондай-ақ, облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына аталмыш басқарманың табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі басшысының орынсабары болып еңбек еткен Медет Нұрмолдаұлы Нұрғалиев тағайындалды.
Нургалиев М.Н.

Медет Нұрғалиев 1978 жылы 2 қарашада Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде дүниеге келген. 1998 жылы Өскемен политехникалық колледжін «техник-технолог» мамандығы бойынша, сондай-ақ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ды «инженер-экономист, менеджер» және «инженер-эколог» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Востоктрансстрой» ЖАҚ-да екінші разрядты монтаждаушы болып бастаған.

2002 жылы Өскемен қаласы бойынша салық комитетінде салық инспекторының міндетін атқарушы, одан кейін салық комитетінің инспекторы, сондай-ақ, облыстық табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру басқармасында және Шығыс Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінде бас маман қызметтерін атқарды.

2008 жылдың қаңтар айында облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшылығына тағайындалды.

2005 жылдан 2007 жылға дейін Шығыс Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің бас маманы болып еңбек етті.

2010 жылдың наурыз айынан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімін басқарды.

Одан бөлек, ШҚО әкімі аппаратына баспасөз қызметінің жаңа жетекшісі таныстырылды. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі болып Есенжолов Нұржан Ерғалиұлы тағайындалды.
Есенжолов Н. 

Н. Есенжолов 1985 жылы Семей қаласында туған. Екі жоғары білімі бар, 2007 жылы Семей мемлекеттік  педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін «Заң» мамандығы бойынша бакалавр атанды. Семей мемлекеттік  педагогикалық институтының «Тарих» мамандығы бойынша магистрі. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, Ұлыбритания мемлекетінің Шеффилд университетінің «Мемлекеттік саясат және басқару» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдады.    

Еңбек жолын 2007 жылы М.Әуезов атындағы университеттің «Тарих» пәнінің мұғалімі болып бастады. 2009 жылы Семей қаласы ішкі саясат бөліміне жетекші маман болып қызмет қылды. 2009-2011 жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің жетекші және бас маман қызметтерін атқарды. 2011-2012 жылдары Семей қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» басшысының орынбасары болып қызмет жасап, 2012-2016 «Ішкі саясат бөлімі» басшысының  орынбасары болып қызмет қылды.

2016 жылдан бастап жаңа орынға тағайындалғанға дейін бас инспектор, Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

 

 

Соңғы жаңалықтар