ШҚО-да қатты дауыл қайталануы мүмкін

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО ТЖ департаментінің құтқару қызметі 28 шілде күні өңірде қатты дауыл соғуы мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ертең 28 шілде күні кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күшеюі секундына 22 метрге дейін жетеді. Қайғылы оқиғалар орын алмасы үшін мүмкіндіктеріңізше қатты дауыл кезінде үйлеріңізден шықпауды немесе қауіпсіз жерлерде болуды өтініп сұраймыз», - делінген ШҚО құтқару қызметінің ескерту хабарламасында.

Айта кетейік, 17 шілдеде Шығыс Қазақстан облысындасоққан желдің жылдамдығы секундына 30-35 метрге дейін жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар