ШҚО-да қалың түскен қар салдарынан екі жерде жол жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Шығыс Қазақстан облысының аумағында екі жолдың учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, толассыз жауған қар мен боран салдарынан бүгін сағат 08:00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін  «Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының 108-123 шақырымындағы Шемонаиха мен Ресей шекарасы аралығындағы жол жабық тұр.

Сонымен қатар, сағат 06:00-дан бері «Өскемен - Зыряновск - Қатонқарағай-Рахманов бұлағы» автожолының 6-66 шақырымында да көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Республика бойынша қозғалысты шектеу картасына қарағанда,  қазіргі уақытта еліміздің өзге өңірлерінде жолдар ашық.

Соңғы жаңалықтар