ШҚО-да ішкі әуе рейстерінің субсидиясы артады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменге жұмыс сапарымен келген Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үржарға қатынайтын әуе рейстерінің субсидиясы артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алакөлге қатынушылардың көптігін ескеріп, биыл Үржар-Алматы, Үржар-Өскемен бағытындағы әуе рейстерінің субсидиясын ұлғайттық. Семей әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары биыл аяқталады. Өскемен әуежайын толықтай халықаралық деңгейге шығару қажет. Өйткені елімізде транзиттік рейстердің саны артып келеді. Былтыр Қазақстан аумағына 600 мың адам транзиттік рейспен кірген. Өскеменнің Қытайға жақын тұрғанын ескерсек, бұл тұста да үлкен мүмкіндік бар. Әлемнің басқа туристері ұшақтан түскен жерінде орта есеппен бір доллар қалдыратын болса, әрбір қытайлық 2-3 доллар қалдырады екен. Бұл қалада сервистің дамуына себепкер болады, - деді Ж.Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар