ШҚО-да бір ай бұрын жоғалған қарт бақташы іздестірілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бір ай бұрын жоғалып кеткен Сакмариха ауылының 67 жасар тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Қарияның туыстары 28 күннен кейін ғана іздеуге кіріскен. Арада көп уақыт өткендіктен іздестіру жұмыстары қиынға түсуде.

Ер адам Риддер қаласынан 45 шақырымдағы қыстаққа қайтып кеткен еді. Бұл жерде телефон байланысының жоқ екендігін атап өту қажет. Жол ортасында ер адам таныс омарташыларда қонып шыққан. 2 қарашада әрі қарай кеткен. Дәл осы күні ауа-райы күрт өзгеріп кетті: жауын жауып, соңы қарға ұласты. Осыдан бері оны ешкім көрмеген. Қараша айының соңында қыстақтың жанында кетіп бара жатқан аңшылар үйдің есігі құлыптаулы және малдардың өз бетімен жайылып жүргенін байқаған.

30 қарашада ШӨАЖҚЖ мен Риддер қаласының ТЖБ-ға әкесінің жоғалғаны туралы ұлы хабар берген. Жоғалуы ықтимал жерге, Крольчатник кентінің аумағына мамандандырылған қарда жүретін техника: «Трекол», УАЗ, қарда жүргіш пен саны 6 адамнан тұратын жедел құтқару жасағының тобы шықты.
 

Бірінші күннен бастап ақ құтқару жасағының күші Сакмариха ауылына қарай 14 шақырымдағы жетуі қиын таулы-орманды жерге аттандырылды. Жақын маңдағы омарташылар тексерілді, шамамен сол жерге 67 жастағы азамат баруы мүмкін еді.

Бағыт алу жері бойынша жоғалған адамның тоқтауы ықтимал жерлердің бәрін тексерілді. Бұл ағаштар, бұталар, өзен сағалары.

Іздестірудің екінші күні құтқарушыларға өтімділігі жоғары «Марш» екі техника мен құтқару жасағының тағы төрт қызметкері қосылды. Іздестіру жұмыстары Корчев бұлағы ауданында, Чесноковка өзенінің жоғары ағысында жалғасты, алайда іздеу жұмыстары нәтижесіз болды.
 

Үшінші күні құтқарушылар Татарка тауы ауданындағы 32 шақырымда орналасқан аңшылар үйін тексерді, туыстарының пайымдауларынша сол жерде түнеуі мүмкін еді. Екінші үй Голушонок тауынан 22 шақырымда еді. Бұл жерде де еш нәтиже бермеді. Жетуі қиын жерлерді тексеру нәтиже бермеді.
 

Қазір іздеу жұмыстары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар