ШҚО-да биатлоннан ҚР чемпионаты басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Риддер қаласында биатлоннан жастар, жасөспірімдер және қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Чемпионатта барлығы 7 құрамадан 93 спортшы өзара бақ сынасуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт  басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайысқа шығысқазақстандық биатлоншылардан бөлек, Павлодар, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы мен Алматы қаласының спортшылары келген.

«Жеңімпаздар мен жүлдегерлер биатлонның мынадай түрлері бойынша өзара мықтыны анықтайды: эстафеталық жарыс 1+1, 2+2, спринт, із кесу сайысы, сондай-ақ, жекелей жарыс. Жалпыкомандалық сайыс бойынша жеңістен үмітті командалардың бірі Шығыс Қазақстан облысының құрамасы болып табылады», - деп хабарлайды ведомстводан.

Биатлоннан Шығыс Қазақстан спортшыларының бас бапкері Александр Барило аталмыш чемпионат ҚР жасөспірімдер және жастар командасын жасақтау үшін өткізіліп жатқанын айтады. Чемпионат қорытындысынан кейін жасақталған құрама ақпан айының соңында Эстонияның Отепя қаласында өтетін Әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар