ШҚО-да балабақша тәрбиешісі туберкулезге шалдыққан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Зырян қаласындағы балабақша тәрбиешісіне дәрігерлер туберкулез деген диагноз қойды. 

«Ладушки» балабақшасының ата-аналарына жергілікті дәрігерлер анализ тапсырып, Манту сынамасын өткізу керектігін ескертіп хабарласады. Тәрбиешінің сырқаты туралы осы кезде көпшілікке белгілі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәрбиешілердің бірінен сырқат анықталғаны рас. Бірақ туберкулездің бұл түрі жұқпалы емес. Педагог өзге де мамандар сияқты жыл сайын тексерістен өтіп келген. Бұрын мұндай сырқатқа шалдықпаған», - дейді Зырян аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бақытгүл Қанафина.

Тәрбиешінің туберкулездің «жабық» түріне шалдыққанын аудандық аурухананың бас дәрігері Владимир Коробкин де растап отыр.

«Біздегі жаңа аппараттар бұл ауруды ерте кезеңдерінен-ақ анықтай алады. Бұл науқасқа қатысты да солай айтуға болады. Туберкулездің жабық түрі. Балаларға сырқат жұқпағанын сенімді түрде айта аламын» - дейді бас дәрігер. Дегенмен, санитарлық талаптарға сәйкес, аталмыш тәрбиешімен байланыста болған бөбектердің барлығы тыңғылықты тексеруден өткізілмек. 

Соңғы жаңалықтар