Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -11 °С
Алматы: 1 °С
USD 319.88 EUR 394.41
RUB 5.65 CNY 50.42
Жаңалықтар

ШҚО-да ауыл әкімдері «партаға» қайта отырды

2018 жылғы 6 ақпан 10:07 528
Бөлісіңіз:
ШҚО-да ауыл әкімдері «партаға» қайта отырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда ауыл әкімдерін оқытуға бағытталған ілкі жоба басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада бастауыш сыныптардың сабағы тоқтатылды Қазақстанда мұғалімдерге пайызсыз несие беру ұсынылды

Шығыс Қазақстанның 100 ауылдық округі жаңа жылдан бастап дербес бюджет алған болатын. Дәл осы округтердің әкімдері Өскеменде кезең-кезеңмен біліктіліктерін шыңдауға кірісіп кетті. Бірінші кезекпен келген 50 әкімге алғашқы дәрісті облыс әкімі Даниал Ахметов оқыды.

Дәріс елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың маңызын, бюджетті құру, бекіту және орындау сияқты ауқымды тақырыптарды қамтыды қамтыды.

«Биыл дербес бюджет алдыңыздар. Енді ауылдастарыңыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін мемлекетік менеджер ретінде сіздер шешесіздер. Біліктіліктеріңізді арттыру үшін арнайы бағдарлама жасадық. Өңірлік басқарма басшылары да сіздермен жұмыс жасайды. Солар дайындап берген іс-әрекет алгоритмі бойынша жұмыс істейтін боласыздар», - деді Даниал Ахметов.

ШҚО-да ауыл әкімдері «партаға» қайта отырды

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, семинар төрт бөлімнен тұрады. Бірінші кезеңде ауыл әкімдері Қазақстанның тарихи дамуы мен қалыптасуындағы мемлекеттік үрдістермен танспақ. Екінші бөлім мемлекеттік жоспарлау мен үкіметтік бағдарламаларды орындау тәсілдерін қамтиды. Қалған екі бөлімде әкімдер мемлекеттік қолдау мен коммуналдық меншікті басқару механизмін үйренеді.

ШҚО-да ауыл әкімдері «партаға» қайта отырды

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат