ШҚО-да апатқа ұшыраған тікұшақ ұшқышының денесі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда апатқа ұшыраған тікұшақ ұшқышының денесі табылды, деп хабарлайды YK-news.kz  ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу-жедел тобы мен құтқарушылар құлаған тікұшақтың 47 жастағы ұшқышы - Петр Устиновтың денесін тапты. Ол МИ-8 тікұшағымен Аягөзге жеткізіледі.

«Апат орын алған жерде ІІД тергеу-шұғыл тобы жұмыстарын жалғастырады. Олармен Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы бірге қалады», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінде.

Бұған дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құлаған тікұшақтың иесі анықталғандығын мәлім еткен болатын.  

Еске сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан облысында жекеменшік «Стрекоза 7-Gazelle SA341» тікұшағы апатқа ұшырады. Оны іздеуге бүгін таңертең облыс орталығынан бортында құтқарушылар тобы және ШҚО ТЖД басшысының орынбасары бар МИ-8, Семей қаласынан МИ-17 әскери тікұшағы ұшып шықты. ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылды.

«С-341»-ді Алматы облысынан іздеуге аттандырылған жеке компанияның МИ-2 тікұшағы тапты.

«Қазаэронавигацияның» мәліметінше, жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік батысқа қарай 60 км жерден табылды. Олардың хабарлауынша, ұшқыш қаза тапқан. Аман қалған бір жолаушы Айғыз ауылына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар