ШҚО-да 16 кәсіпорын қызметкерлердің жалақысын төлей алмай отыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да 16 кәсіпорын қызметкерлердің жалақысына қарыз болып қалды. Бұл туралы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша облыстың прокуратураның кеңейтілген алқасында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алқада атап өтілгендей, прокуратура облыстық әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе кәсіпкерлік өкілдерінің өтініштері бойынша тұрақты түрде тексерістер жүргізіп тұрады. Қадағалау ведомствосы түрлі мемлекеттік органдармен бірігіп олардың қызметін барынша жеңілдетуге және мәселелерін шешуге көмектесуде.

«Сараптама көрсеткендей, соңғы 5 жылда тексеріс саны 3,5 есеге - жылына 22-ден 6 мыңға дейін азайды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. - 60%-ға жуығы 3 департаментке - ТЖ, мемлекеттік кірістер, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға келеді».

Кәсіпкерлер заңды, бірақ әділетсіз салынған айыппұлдарға шағым білдіреді. Мысалы, Зырянов ауданындағы салық органы жергілікті жеке кәсіпкердің жүк құжатты бір күнге кешіктіргені, сондай-ақ электрондық кабинеттегі операция кодын қате көрсеткені үшін 150 мың теңге айыппұл салды. Ал іс жүзіндегі есептемені көрсетпеу мемлекетке немесе тұрғындарға еш шығын келтірмейді.

Өскеменде полицейлер әдейі кәмелетке толмаған балаларды дүкенге жұмсап, сатушылардың спирттік ішімдік немесе темекі сатқаны үшін айыппұл салған жағдайлар да болған. Прокуратура атап өткендей, полиция қызметкерлерінің осындай арандатушылықтарына жол бермеу қажет.

Мысалы, Аягөз аудандық әкімдігі жолдарға күрделі жөндеу жасау үшін тендер өткізу барысында жеткізушілерге Аягөз аумағында асфальтбетон зауытының болуы тиіс деген негізсіз талап қойған. Осындай шектеуден кейін конкурсқа тек бір ЖШС қатысқан. Прокуратураның қарсылық білдіруімен заңсыз конкурс тоқтатылып, конкурстық құжаттама заңға сәйкестендірілді. 

Бұдан бөлек, облыс аумағында 16 кәсіпорын қызметкерлердің жалақысына қарыз болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар