ШҚО-да 1,7 мың гектарға егілген күздік бидай үсіп кеткен

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Биылғы қарсыз қыс Шығыс Қазақстан бойынша 1,7 мың гектарға егілген күздік бидайды толығымен үсітіп жіберген. Бұл туралы облыс әкімдігінің мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаев қыс бойы қардың аз түсуі диқандарға соққы болып тигенін айтты. Қардың жұқалығы алқаптарға 1 метрден астам тоң түсуіне түрткі болған. Осылайша күзде егілген дақылдың 5,4 пайызы жарамсыз күйге түскен.

«Былтыр күзде  31,3 мың гектар алқапқа күздік дақылдар егілген болатын. Соның 1700 гектары түгелдей үсіп кеткен. Тағы 5200 гектар алқаптың жағдайы нашар, 22,9 мың гектардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отырмыз. Тек 1,5 мың гектар күздік дақылдың қиындықсыз өнетініне сенімдіміз» - деді Асқар Жақыпбаев.

Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша биыл 1,357 млн гектар жерге егін егілмек. Бұл былтырғыдан 40,9 мың гектарға көп.

Соңғы жаңалықтар