ШҚО ауылында балабақшада оқып отырған оқушыларға жаңа мектеп салынады

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылында балабақша ғиамаратында оқып келген балаларға жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

320 орындық мектептің іргетасы өткен жылдың қыркүйек айында қағылған болатын. Аудан басшысы Серік Зайнулдиннің тапсырмасына сәйкес, білім ордасының құрылысы биыл күзде аяқталады. Мақаншы елді мекенінде 13 мыңға жуық халық бар.

Айта кетерлігі, «Мақаншы» орта мектебінің оқушылары бұрын балабақша болған ғимаратта оқып келеді. Осыған байланысты облыс басшысы Даниал Ахметовтың қолдауымен Мақаншы ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды.

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстарын «Руллан Сервис LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бұл мердігер бұдан бұрын ауданға қарасты Барқытбел орта мектебіне және Ақшоқы ауылдық округіне ауызсу құбырын тартқан болатын.

ҚазАқпарат тілшісі жақында құрылыс басына барып, жұмыс барысымен танысып қайтқан болатын. Білім ордасының оқу корпустарының еңсесі тіктеліп, екінші қабаты көтерілген. Кітапхана, спорт залдары, жылу беретін орталықтар дайын. Құрылыс қарқынды жүруде.

«Бүгінгі күні құрылысқа қажетті материалдардың сапасына ерекше назар аударып отырмыз. Материалдар Өскемен қаласынан әкелінуде. Құрылыс қазір қарқынды жүріп жатыр. Жұмыс дәл осылай жалғасса биылғы жылдың қоңыр күзінде бітіруді жоспарлап отырмыз»,- дейді мердігер компанияның өкілі Саниязбек Жанабаев.

 

null

Соңғы жаңалықтар