ШҚО әкімі Ұлыбританияда жүр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Еуропа қайта құру және даму банкімен серіктестік аясында жұмыс сапарымен Ұлыбританияда жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«5-7 наурызға жоспарланған іссапардың алғашқы күнінде ШҚО басшысы Лондондағы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытын аралап, ел астанасындағы қоғамдық тасымалдауды ұйымдастыру жүйесінің қызметімен танысты» - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бүгін Даниал Ахметов Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші Вице-Президенті Алон Пилокспен кездесіп, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды талқылады.

Іссапар облыс әкімі мен банк президенті Сума Чакрабарти арасында 5,6 миллиард теңгенің ивнестициялық жобасын қаржыландыру туралы келісімге қол қою рәсімімен жалғасты. Аталмыш жоба «ШҚО қалалары мен аудан орталықтарын жарықтандыру жүйесін жаңғыртуды» көздейді.

Жаңа жоба Шығыс Қазақстанның 630 мыңнан астам тұрғыны бар 6 қаласы мен 11 аудан орталығын қамтиды. Осының арқасында 32 мың энергия үнемдеуші шам орнатылмақ. Бүгінгі таңда аталмыш банк Өскемен мен Семейде ақылды жарықтандыру жүйесін енгізуге 4,8 млрд теңге инвестиция салып отыр. Оның аясында 25 мың шамды энергия үнемдеуші түріне ауыстыру жоспарланған. Мамыр айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

nullКеліссөздер нәтижесінде Еуропалық банк Өскеменде қалдықтарды заманауи жолмен жою және қайта өңдеу жобасының техникалық құжаттамасын жасау және қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға келісім берді. Жоба құны - 29,5 миллиард теңге. Сонымен қатар, ЕҚҚДБ Зайсан, Үржар, Тарбағатай аудандарының 50 елді мекенін газдандыру жобасын зерттеуге кіріседі. Бұл жоблардың - құны 33,3 миллиард теңге деп бағаланған.

2015 жылдан бастап облыс әкімдігі мен Еуропалық банк 46,1 миллиард теңгенің 10 несиелік келісімшартына қол қойған. Бұларға жоғарды аталған екі жобаны қоссақ, Лондоннан Шығыс Қазақстанға тартылатын инвестиция көлемі 108,9 миллиард теңгеге жетеді.

nullКездесуді қорытындылаған Сума Чакрабарти Қазақстанның аймақтары ішінде Шығыс Қазақстан ЕҚҚДБ-мен бірлескен жобалардың саны мен сомасы бойынша көш бастап тұрғанын жеткізді.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың мамыр айында өтетін Астана экономикалық форумы аясында ЕҚҚДБ мен Шығыс Қазақстан облысы арасында инфраструктуралық жобалар бойынша кезекті несиелік келісімшарттарға қол қою жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар