ШҚО әкімі Талдықорғандағы құрылыстарға қызықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысымен өңіралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бастаған делегация келді.

Даниал Ахметов бастаған топ Талдықорған қаласында пайдалануға берілген бірнеше нысандарды аралап көрді. Атап айтқанда, делегация басшысы еліміздегі ең үлкен спорттық нысанның бірі - «Жастар» спорт сарайын, 52 үйірмесі бар «Оқушылар сарайына» барып, жастарға қызмет көрсету орталығында да болды.

«Талдықорған қаласына келмегеніме 10 жылдай уақыт болыпты. Құрылыс саласында оң өзгерістер бар екен. Жаңадан бой көтерген әлеуметтік нысандар елді қызықтырады. Мәселен оқушылар сарайы, жастарға қызмет көрсету орталығы сияқты ғимараттарға таңданысымды жасырмаймын. Үйренеріміз көп. Мен көмекшілеріме тапсырма бердім. Бұйыртса, алдағы бірнеше жылда Семей қаласында осындай жобалар жүзеге асатын болады»,- деді ШҚО әкімі.

Қала күні мерекесі қарсаңында келген Даниал Ахметов талдықорғандықтарды мерекемен құттықтады. Айта кетелік, ертең талдықорғандықтар Қала күнін кең көлемде атап өтпек.

null null  

Соңғы жаңалықтар