ШҚО әкімі айлығын мектептерді жарақтандыруға арналған қорға аудармақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңіріндегі «Менің мектебім» жобасы үшін ашылған «Парыз» қорына бір айлық еңбекақысын аудармақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Менің мектебім» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанда қолға алынған болатын. Тың жоба аясында аймақтағы барлық мектепті заманның озық биология, химия, физика және робототехника кабинеттерімен жабдықтау көзделіп отыр. Облыс әкімдігі осы мақсатта жуықта «Туған жер» атты кәсіпкерлер форумын өткізіп, өңірдегі қалталы азаматтардың арқасында «Парыз» қорына 2 млрд 300 млн теңге жиналған еді.

Игі жобаға облыс әкімі Даниал Ахметов та бір кісідей ат салысып, бір айлық еңбекақысын «Парыз» қорына аударатынын айтып өтті. Барлық жиналған қаражатқа мектеп кабинеттеріне заманның үздік технологиялары сатып алынатын болады. 

Соңғы жаңалықтар