ШҚМТУ «сандық мазмұндағы» жаңа мамандықтарды оқыта бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті талапкерлерге «сандық мазмұндағы» жаңа мамандық түрлерін ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сарапшылар әлем экономикасын 3 топқа бөліп қарастырып жүр. Біріншісі - жаңа технологияларды ашуға, жетілдіруге, патенттеуге әлеуетті елдер. Екіншісі - оларды жүзеге асыруға қабілеттілер. Үшіншісі - сол технологияларды тек сатып алып, тұтынуға ғана қабілетті мемлекеттер. Қазақстанның қазіргі міндеті - екінші топқа ену. Жаңа білім беру бағдарламалары бұған дейін жүзеге асқан ИИДМБ-дан алынған тәжірибені ескере отырып әзірленген және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ серіктестік туралы келісім аясында дайындалды» - дейді университет ректоры Жасұлан Шаймарданов.

ШҚМТУ-дың ITPS OK деканы Тамара Сегеданың айтуынша, ұсынылып отырған 8 бағдарлама бойынша оқыту ағылшын тілінде өткізіледі.

«Біз ұсынып отырған 8 бағдарламаның барлығы ағылшын тілінде жүргізіледі. «Нақты егін шаруашылығы», «Медициналық техника», «Роботтандырылған пилотсыз аппараттар», «Аддитивті технологиялар», «Жерді зерттеудің сандық әдістері», «Адамның компьютерлік жүйелермен өзара әрекеттестігінің интерфейсі», «Тіршілікті қамтамасыз етуді басқарудың интеллектуалдық жүйелері» және «Жобалаудағы BIM-технологиялар» тәрізді сандық экономиканың әр саласын қамтитын бұл бағдарламалар ірі салалық кәсіпорындармен және шетелдік ЖОО-мен бірлесе отырып құрылды», - дейді ол.
null 

Ал Атом өнеркәсібі үшін магистрлерді даярлау бағдарламасының қатысушысы, Бауман атындағы ММТУ доценті Павел Марковтың атап өтуінше, экономиканы цифрландыру барлық салалар үшін заман талабынан қалмай ілесуге қабілетті, өндірістік және ғылыми өзекті мәселелерді шешуге дайын мамандарды даярлауды талап етеді. «Шығысқазақстандық әріптестеріміз осы үдеден шығады деген сенімдемін», - деді доцент.

«Көріп отырғанымыздай, мұндағы қолға алынған жұмыстардың нәтижесін, тіпті шетелдік аналогтармен салыстырғанда, нағыз инновацияларға жатқызуға болады», - дейді «Бизнес-Астана» ЖШС өкілі Данияр Абитаев.
null null 

 

Соңғы жаңалықтар