Шірік-Рабат қаласынан 40 шақырым жерде шеберлер ауылы табылды-Қызылорда

None
None
 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Шірік-Рабат - көне қаланың орны. Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 100 шақырым жерде,  Жаңадария арнасының сол жақ жағалауындағы ең биік төбенің үстіне орналасқан шамамен б.з.б. 4-2 ғасырлардағы қала. 

  null
     Еліміздегі ең алғаш қыш-құмыра жасау ісі Сырдарияның бойында басталған. Біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың орта кезеңінде сақтар мекендеген Шірік-Рабат қаласын зерттеуші ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр. Оған себеп көне қала маңынан көзешілер ауылының табылуы. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады.
null

        Қыш ыдыстар өндірген шеберлер ауылы Шірік-Рабат қалашығынан 40 шақырым жерде жатыр. Аумағы 3-4 гектарды құрайды.  Археологиялық зерттеу барысында әзірге 11 пештің және тұрғын үйлер мен шеберханалардың орны табылды. Бүгінгі күні  қыш күйдіретін 6 пеш пен шеберхана толықтай ашылды. Сонымен қатар үй-жайлардың орнынан астық сақтайтын ірі көлемдегі ыдыстар қазылып алынды. Табылған пештер төрт бұрышты және домалақ. Олар екі қабаттан тұрады, ішіне оттық салғанда үстіне қыш ыдыстарын қойып, күйдірген. Археологтар Шірік-Рабат қалашығы аумағынан табылған цитадель - бекініс орнын да зерттеуде. Бұл жерде көне шаһарды мекендеушілердің тұрмысы мен ғұрпын танытатын құнды жәдігерлер жеткілікті.
null

      Айта кетейік, Арал маңындағы бірқатар  тарихи ескерткіштерді 1946 жылдан бастап Хорезм археологиялық-этнографиялық эспедициясы зерттеген болатын. Алайда 90-шы жылдары тұралап қалған бұл жұмыс 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қайта жанданды.
null

 

Соңғы жаңалықтар