Шетелге сапарлайтын қазақстандықтар үшін мобильдік қосымша жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі жуық арада шетелге шығатын қазақстандықтар үшін арнайы мобильдік қосымшаны іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта шетелге шығатын қазақстандықтарға арнап мобильдік қосымша жасап жатыр. Демек, шетелде оқыс жағдайға тап болып қалған адамдар осы мобильдік қосымшаның қызметін пайдалана алады. Біз бұл туралы алдағы уақытта толығырақ хабарлаймыз», - дейді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Оның айтуынша, отандастарымыздың Түркияда жол апатына ұшырау оқиғасы  сапарды алын ала сақтандыру қажеттігін көрсетіп отыр.

«Мен тағы да біздің министрліктің шетелдегі мекемелерінің тізімі СІМ-нің ресми сайтында барын еске салып өткім келеді. Олардың нөмірін алып жүрген дұрыс. Шетелдегі мекемелер кез келген жағдайда көмек береді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар