Шетелдіктерге арналған Е-виза тек екі әуежайда ғана берілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші кезеңде шетелдіктер электронды визамен мемлекеттік шекараны тек Алматы мен Астана әуежайларда ғана кесіп өте алады. Бұл жайында ҚазАқпараттың ресми сауалына берілген ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауабында айтылған.

«Бастапқы кезеңде шетелдіктердің электронды визамен Астана мен Алматының халықаралық әуежайлары арқылы ғана мемлекеттік шекараны кесіп өту көзделіп отыр», - делінген СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің жауабында.

СІМ мәліметінше, қазіргі уақытта ілкі жобаны іс жүзінде жүзеге асыру үшін электронды виза беру жүйесінің қадамдық алгоритмі, оның санаты мен елдер тізімі әзірленіп, келісіліп жатыр. Сәйкесінше, шаралар кешені 2018 жылдың 16 ақпанында бекітілген «Электронды виза» жол картасын аясында жүзеге асырылады.

Айта кетерлігі, бұған дейін Қазақстанда электронды виза рәсімдеу осы жылдан бастап іске қосылатындығы айтылған болатын.

Соңғы жаңалықтар