Шетелдік сарапшы Қазақстанның БҰҰ БА-дағы бастамаларына пікір білдірді

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясында мемлекет басшылары мен жоғары деңгейдегі өкілдердің сөйлеген сөздері әрдайым сарапшылық қоғамдастықтың назарын аудартады. Бұл туралы Әзербайжан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Фархад Мамедов «ҚазАқпарат» агенттігінің Әзербайжандағы меншікті тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

«БҰҰ Бас Ассамблеясында ҚР сыртқы істер министрі атап өткен негізгі үндеулер Қазақстанның қазіргі процестер туралы көзқарасын байқатып,  Қазақстанның қазіргі жаһандық қауіп-қатерлерге қатысты таразыланған және жауапты қадамын көрсетеді», - деді Орталық директоры. 

«Қазақстан сыртқы істер министрінің БҰҰ Бас ассамблеясында айтқан негізгі үндеуі (месседжі) Қазақстанның қазіргі заманғы процестер туралы көзқарасын көрсетіп, біздің заманымыздың жаһандық қауіп-қатерлеріне Қазақстанның салмақты және жауапты көзқарасын көрсетеді», - деді Орталықтың директоры.

«Өкінішке орай, мемлекеттің ішкі ісіне араласу және территориалдық тұтастыққа төнген қауіп мысалдары ядролық қаруға ие болу ғана мемлекетті осындай қауіп-қатерлерден сақтап қалады деген пікір қалыптастыруда.  Бұл мәселе бойынша Қазақстанның пікірі ерекше ықыласқа ие, себебі мемлекет ядролық арсеналдан өздігімен бас тартып, даму, мықты мемлекет қалыптастыру мен көршілермен бейбіт қарым-қатынас орнату жолын таңдады», - деп атап өтті сарапшы.

Оның айтуынша, Қазақстанның БҰҰ-да айтқан пікірі Әзербайжан Президентінің ойымен үндестік тапқан. 

Соңғы жаңалықтар