Шетелдік инвесторлар Елбасына 25 мың тал голланд қызғалдағының сертификатын табыс етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік инвесторлар Мемлекет басшысына Тәуелсіздік мерейтойының құрметіне орай 25 мың тал голланд қызғалдағына арналған сертификат табыс етті, деп жазды Ақорда баспасөз қызметі Инстаграмдағы парақшасында.

Еске сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті. «ExxonMobil» компаниясының президенті Д.Вудс, «Total E&P» компаниясының президенті А.Брейяк, «Royal Dutch Shell» компаниясының бас атқарушы директоры Б.ван Берден және  «Eni» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі бас директоры А.Велла қатысқан кездесуде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

«ExxonMobil», «Total E&P», «Royal Dutch Shell» және «Eni» компанияларының басшылары республикада қолайлы инвестициялық жағдай жасалғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Тәуелсіздік мерейтойының құрметіне орай мұнай құйылған символдық сауыт, сондай-ақ 25 мың тал голланд қызғалдағына арналған сертификат табыс етті.

Сондай-ақ, қызғалдақтың «Назарбаев» деп аталатын түрінің 8 мыңын голландиялық гүл өсірушілер сұрыптап шығарған, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.  Қалған 7 мыңы - «Қазақстан», 10 мыңы - голландиялық қызғалдақтар. Бұл сыйлықты «Royal Dutch Shell» компаниясының атқарушы директоры ұсынды. Шелл - әлемдегі ірі компаниялардың, ал Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі. 

«Бұл - ерекше күн. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы күн болғандықтан да шығар. Мен Елбасымен алғаш рет кездескенде біз ол кісіге қызғалдақтың «Назарбаев» деп аталатын түрін ұсынған болатынбыз. Ұлттарымыздың арасындағы сыйластық пен сүйіспеншіліктің белгісі ретінде, бұл жолы мен қызғалдақтың 25 мың талын алып келдім, олар Астанада егілетін болады», - деді Royal Dutch Shell компаниясының атқарушы директоры Бэн Ван Берден.

Соңғы жаңалықтар