Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 18 °С
Алматы: 18 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Шетелдік депутаттар мен ұйымдар ҚР-дағы азаптауға қарсы тұру механизмімен танысты

2018 жылғы 17 сәуір 12:29 376
Бөлісіңіз:
Шетелдік депутаттар мен ұйымдар ҚР-дағы азаптауға қарсы тұру механизмімен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы Ішкі істер департаментінде Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев, Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Ұлттық бюросы тергеу басқармасының бастығы Сергей Перов шетелдік депутаттар мен журналистерге және шетелдік ҮЕҰ өкілдеріне арналған Қазақстандағы азаптауға қарсы тұру механизмін күшейту шаралары және адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту жөнінде брифинг өткізді, деп хабарланды Алматы ІІД сайтында.

Ұқсас жаңалықтар
Азаматтардың полицияға берген арызына «Дауысты автоқоңырау» жауап береді Бағдат Мусин «Электронды қылмыстық іс» жобасының халыққа пайдасын айтып берді

Брифингке қатысқан шетелдік делегаттар, соның ішінде Испания, Румыния және Польша парламенттерінің өкілдері, Италияның, Чехияның үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қазақстандағы пенитенциарлық жүйенің ахуалымен танысты. Таныстырылымда  Қазақстан Республикасының 1998 жылы БҰҰ Азаптауларға қарсы конвенциясына қосылғаннан бергі уақытта азаптауға қарсы тиімді ұлттық жүйе құрылып, нәтижелі  жұмыстар жүргізілгені айтылды.

Жиында Қазақстанның ашық, демократиялық және құқықтық мемлекет екендігі баса айтылды. Бүгінде еліміздің мемлекеттік органдары азаптау фактілерін бүркемелеп, кінәлілерді қорғамайды. Мемлекеттік саясат әрбір шағымды мұқият зерделеп, жәбірленуші тараптың заңды  құқықтарын әділ түрде қалпына келтіруге бағытталған.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамасында азаптауды, зорлық-зомбылықты және басқа да қатыгездікті қолдайтын  немесе қадір-қасиетті қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне тыйым салғаны туралы жарияланған. Қазақстан Республикасының қабылданған барлық шаралар қоғам мен мемлекеттік органдарда азаптауға байланысты «нөлдік толеранттылық» атмосферасын құруға бағытталған. Бұл қағида соңғы жылдардағы көптеген реформалар үшін негіз болып табылады», - деді  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, генерал-майор Рашид Жақыпов.

Кездесу барысында қатысушылар  Ішкі істер министрлігінің «1402» бірыңғай сенім телефонына назар аударды.  Бұл жалпы шағымдар мен азаптау туралы арыздарды берудің тиімді тетігі. Қатысушылар, сондай-ақ, Қазақстандағы пенитенциарлық жүйенің барлық мекемелерінде сотталғандар үшін қолжетімді орындарда белгіленген шағымдарға арналған арнайы қораптарға көңіл бөлді.

Заңнамалық шаралардан басқа бірқатар практикалық жұмыстар да жүзеге асырылуда. Құқық қорғау органдарының ғимараттарында бейнекамерамен жабдықталған тергеу жұмыстарына арналған «ашық кабинеттер» біртіндеп енгізіліп жатыр. Бүгінгі таңда республикада мұндай 700 кабинет бар.

2017 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қысқарған шағымдар реті:

- полицияның әрекеттері мен шешіміне қатысты - төрттен бірі азайды;

-заңсыз тергеу әдістері - жартысы азайды;

- азаматтарды заңсыз ұстау екі есе азайды.

«Азаптау құрбандары тегін құқықтық көмек алуға, әлеуметтік-медициналық және психологиялық қызметтерге қол жеткізу бойынша қосымша құқықтарға ие. Қазақстанның барлық аймақтарында дағдарыстық орталықтар құрылды және жұмыс істейді. Мемлекет азаптау құрбандарын толығымен сауықтыру және өтемақы төлеу бойынша толымды жұмыстар атқарып келеді», - деді Рашид Жақыпов.

 

 


Басты сөздер: Алматы, Адам құқығы, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат