Шетелдік әріптестер «ҚазАқпарат» арқылы Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА әріптестері мен Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктер тарапынан құттықтаулар келіп түсуде.

Атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі «ҚазАқпарат» арқылы елімізді Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығындағы мемлекетке өркендеу мен даму тілейміз» делінген құттықтау хатында.

Сондай-ақ, Ирак Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі Тәуелсіздік күні мерекесіне орай құттықтап, «бауырлас екі елдің арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастық қарым-қатынастардың үзілмеуін тілеген».  

Ал Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі «ӨзА» «ҚазАқпарат» ұжымын және агенттік арқылы барша Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 26 жылдығымен құттықтап хат жолдады. «Өзбек және қазақ халқы - жақын әрі жақсы көрші, тамыры бір бауырлар. Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері біз үшін де қуаныш сыйлайды. Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің ұжымы туысқан Қазақстан халқына бейбітшілік, отбасыларына құт-береке тілейді. Әріптестерімізге халыққа қуанышты хабарларды жеткізуден талмасын дейміз», делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар