Шетелде тұратын отандастардың қатысуымен өнер фестивалі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қазан күні Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, шетелде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалі өтеді.

Шара мақсаты - шетелде  тұратын отандастарымызбен мәдени, рухани, сондай-ақ білім саласындағы байланысты дамыту және олардың ұлттық әлеуетін арттыру.

Фестивальға мемлекеттік органдардың өкілдері, еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын қандастарымыз, зиялы қауым, БАҚ, сондай-ақ 20-дан астам елде тұратын қазақ диаспорасының 50-ге жуық өкілі қатысады деп күтілуде.

Оның аясында «Алматы - тәуелсіздіктің  алтын бесігі» атты жыр мүшәйрасы, термешілер сайысы және сурет көрмесі өтеді. Соңында жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталып, гала концерт өтеді.

Ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі.

Соңғы жаңалықтар