Шетелде сұранысқа ие қазақстандық тауарлар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы сауда теңгерімі сальдосы 71,7 пайызға дейін артты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыртқы сұраныстың қайта жаңғыруы және мұнай және металдардың әлемдік бағаларының өсуі сыртқы сектордың көрсеткіштерінің жақсаруына әсерін тигізді. Ағымдағы жылғы 10 айда экспорттың өсімі (32,5%) импорт өсімінен (15,8%) шамамен екі есе басым болуының нәтижесінде, сауда теңгерімі сальдосы 71,7 пайызға дейін артты. Сауда теңгерімінің жақсаруына сондай-ақ өңделген өнім экспортының өсуі ықпал етті. Осылайша, тамақ өнеркәсібінде тоң майлар және майлар, дайын тағамдық майлары (86,2 пайызға), қант және кондитерлік өнімдер (55,4 пайызға), астық, астық тұқымдастар, ұн, крахмал және сүт, ұн өнімдерінен жасалған дайын тағамдар (19,7 пайызға) экспорты ұлғайды»,  -деп түсіндірді министр.

Т. Сүлейменовтың сөзіне қарағанда, жеңіл өнеркәсіпте тоқыма маталары және тоқыма бұйымдар экспорты 66,1 пайызға, жүн - 1,2 есеге, мақта талшығы - 28,1 пайызға өсті.

«Жалпы, елдің сыртқы сауда айналымы 25,6 пайызға, яғни 62,1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды», - дейді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар