Шетелде оқитын жастар Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарт - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Болашақ» қауымдастығы «KazAlliance» ҚБ қолдауымен «Болашақ» бағдарламасының стипендианттары атынан бейнеқұттықтау дайындады, деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі.

Әлемнің түрлі елдері мен ЖОО-да білім алушы біздің студенттер мемлекеттің Тәуелсіздік мерейтойына шын ықыласпен жылы тілектер арнаған бейнеқұттықтау түсірді.
 

Еске сала кетсек, қазір 12 мыңнан астам жастар Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендианттары, олардың 8 мыңнан астамы қазір экономиканың түрлі салаларында қызмет атқаруда.

Бүгінде, мыңнан астам жас шетелде білім алуда, Отаннан жырақ болса да, алған білімдерін және тәжірибелерін еліміздің әрі қарай дамуына қолдануға ниет білдіреді.

Аталған бейнеқұттықтау «Болашақ» қауымдастығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және қауымдастықтың 15 жылдығына орай арналған «25 Қайырымды іс» жобасының аясында жүзеге асырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар