Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Шет елдерден Қазақстанға әкелінген 578,83 тонна өнім кейін қайтарылды

Шет елдерден Қазақстанға әкелінген  578,83 тонна өнім кейін қайтарылды
2017 жылғы 15 қараша 18:42 739

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қараша айының 3-10 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғары фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 53 фактісі анықталды. 

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Ресей Федерациясынан 19 жағдайда (картоп - 1,4 тонна, алма - 3 тонна, апельсин, мандарин, ананас, лимон - 17,15 тонна, күнбағыс тұқымдары - 22 тонна, бидай - 102 тонна, ағаш дайындамалары - 72 текше метр, кесілген ағаш дайындамалары - 160 текше метр) міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген. Оның ішінде, 2 жағдайда салмағы 20 тонна картоп өнімінде - картоптың алтын түстес жұмырқұрты және салмағы 19,85 тонна пияз өнімінде - арам сояулар атты карантиндік объектілер анықталды.
Өзбекстан Республикасынан 3 жағдайда жалпы салмағы 21,02 тонна құрма және анар өнімдерінде - Комсток сымыры атты карантиндік объект анықталды.

 Қырғызстан Республикасынан 30 жағдайда әкелінген келесі өнімдер республика аумағына маркировкасыз (алма - 21,825 тонна, күріш - 23,08 тонна, асқабақ тұқымы - 0,8 тонна, алмұрт - 5,05 тонна, жаңғақ - 8,35 тонна, бұршақ - 22 тонна, банан - 1,2 тонна) және міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз (құрма - 3,4 тонна, алма - 1,1 тонна, күріш - 0,08 тонна) әкелінген.

 Сондай-ақ, жалпы салмағы 218,165 тонна кептірілген жемістер, құрма, алма, жүзім, алмұрт, жаңғақ өнімдерінде карантиндік объектілер - Комсток сымыры, арам сояулар, шығыс жеміс жемірі анықталды.

 Қытай Халық Республикасынан салмағы 69,16 тонна сұлу жармасы жарамсыз фитосанитарлық сертификатпен әкелінген.
Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 578,83 тонна және 232 текше метр экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды және 1,8 тонна өнім жойылды.

 

 

Басты сөздер: Кеден, Ауыл шаруашылығы, ҚР АШМ,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пiкiрлер

  • 15.11.2017Асель
    0
    Олардың көпшілігі санитарлық талаптарға сай келмей отыр. Мұны Қырғыз тарабы түсінуі тиіс. Жолда тұралап қалды бірнеше күн, соның да әсері болған шығар.
  • 15.11.2017Марта
    0
    Қазақстанның жасап жатқан дүниесі дұрыс, халықтың жағдайын ойлау мақсатынан жүзеге асырылып отыр.
  • 16.11.2017Жадыра
    0
    Әрбір кедендік бақылауда осындай тексерістер болса, ешқандай көз бояушылық іс-әрекеттер болмас еді.
  • 16.11.2017Асқар
    0
    Егер бұзылған, қауіпті өнімдер болса, қандай мақсатта Қазақстанға жөнелкен? Бәрібір кедендік бақылаудың бар екенін біле тұра, осындай іс-әрекеттердің тоқтаусыз болып жатқанына таң қалып отырмын.
  • 16.11.2017Замира
    0
    Соңғы кезде шекардағы жағдайлардан көз ашпай кеттік қой. Меніңше әкімшілік жауапкершілікті күшейту керек. Мүмкін сонда бір нәтиже болатын шығар.

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер