Шеруде кентаулық жігіт қарт ардагерді арқалап жүрді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -Оңтүстік Қазақстан облысында кеңінен аталып өткен Жеңіс мерекесінде көпшілікке қатты әсер берген оқиға аз болмады. Мәселен Кентау қаласында ұйымдастырылған салтанатты шарада Жастар орталығының инспекторы Әділбек Қайырбеков 90 жастағы ардагерді арқалап жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Ұйымдастыру жұмыстарының басында жүрген Әділбек Қайырбековке ардагерлерді алып жүру ісі тапсырылыпты. Ол жасы 90-ды алқымдаған ардагердің өздігінен еркін қозғала алмайтынын біліп, қарияны арқасына көтеріп алған. Мереке біткенше арқалап алып жүрген. Ардагердің: «Балам бұның қалай болар екен» дегеніне, ол: «Ата сіздей бейбіт өмір сыйлаған ардергерді арқалаудан арланбаймын. Қайта мақтан етемін», - деп жауап қатқан. Осылайша кентаулық азамат өзге жастарға үлгі боларлықтай өнегелі іс жасаған.
 null null

Ал, салтанатты жиын  біткен тұста  кішкентай  бала келіп сол ардагер атаға  «Қазақстан» шоколадын сыйлаған. Тәттіні ұсынған жеткіншек «Қазақстан біздің Отанымыз, ондағы бейбіт өмірді ардагерлер сыйлады. Сондықтан мен осы шоколадты алдым. Ата бізге бейбіт күн сыйлаған сізге рахмет» деген.

Соңғы жаңалықтар